Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Павлодар облысына жұмыс сапармен барып, өңір басшысы Асайын Байхановпен бірге Екібастұз қаласындағы бірқатар ірі өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорынды аралады.
Алдымен елдегі ірі көмір өндіруші «Богатырь Көмір» кәсіпорнының қызметімен танысты. Қазақстандағы қажетті көмірдің шамамен 38%-ы осында өндіріледі. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Екібастұз жылу электр орталығындағы «Energy Solutions Center-дің» жаңғыртылып жатқан станса қызметін және «70/30» бағдарламасы аясында генерациялау қуаттарын арттыруға бағытталған инвестициялық жобаның жүзеге асу барысын қарады. Сондай-ақ Railways Systems KZ тобының кәсіпорындарын аралап көрді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары қазақстандық үлесті арттыру, қосылған құны жоғары өнім өндірісін кеңейту қажет екенін айтты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Павлодар #Екібастұз #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz