Құрылтай сайлауы жаңа Конституцияны жүзеге асырудың алғашқы практикалық кезеңі болады.
Бүгін Астанада бас қосқан сарапшылар Құрылтай сайлауының конституциялық негіздерін, жаңа саяси модельдің жұмыс істеу ерекшеліктерін талқылады. Құқықтанушы ғалымдар, саясат және әлеуметтанушылар мен экономистер өзара пікірталасқа түсті. Спикерлер қос Палаталы Парламент пен бір Палаталы Парламенттің ара-жігін ажыратып, ерекшеліктеріне тоқталды. Басты артықшылықтардың бірі ретінде, Құрылтай заң қабылдау процесін қысқартып, уақыт пен қаржы шығынын азайтатынын атап өтті.
Риззат Тасым, саясаттанушы:
- Мысалы, 8 шақырылым бойынша 36-ға жуық заң жобасын Сенат кері қайтарған болатын. Бұрын Сенаттың өзінің сарапшылық алаңдары болды қосымша. Төменгі Палатаның өзінің алаңы болды. Кей уақытта олар бір-бірінде қандай заң жобалары және не талқыланып жатқан білмейтін уақыттар да болды. Сондықтан алдағы Құрылтайда бір заң жобасының аясында барлығының шоғырлануына жол ашылып отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай #Конституция 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz