Таразда жаңа Конституцияның заңды күшіне енуіне орай облыс активінің кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуда өңір басшысы жаңа Ата заңның елдің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам құрудағы маңызына тоқталды.
Ал құқық қорғау және сот жүйесінің өкілдері азаматтардың құқығын қорғаудағы рөлін атап өтті.
Жаңа Конституция аясында ел дамуының бес негізгі стратегиялық бағыты айқындалды. Олар – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, экономиканы жаңа сапалық деңгейге көтеру, энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетті нығайту, цифрлық мемлекетті дамыту және адам капиталын арттыру. Басқосудың мақсаты – өңір активіне жаңарған Ата заңның негізгі қағидаларын түсіндіріп, оның маңызын кеңінен насихаттау.
Ербол Қарашөкеев, облыс әкімі:
- Білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және жастар саясаты. Әлеуметтік әділеттілік ел дамуының басты тірегі. Бұл бағыттардың барлығы біздің өңіріміздің дамуына тікелей қатысты. Сондықтан жаңа конституцияда айқындалған қағидаттарды тек мемлекеттік органдар ғана емес бүкіл қоғам болып жүзеге асыруымыз қажет.
Жиында спикерлер заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру және жаңа Конституцияның негізгі бағыттарына тоқталды. Білім саласы мамандардың айтуынша, Ата заңда білім мен ғылымға ерекше мән берілуі – адами капиталды дамытуға мүмкіндік береді.
Махметғали Сарыбеков, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры:
- Білім, ғылым инновацияны дамытуға бірінші рет ата заңымызда арнайы баптар арналып отыр. Мінекей, жастарға тұңғыш рет конституциялық негізде жағдай жасалып отыр. Сапалы, қолжетімді, бәсекеге қабілетті еңбек рыногының сұранысына ие болған маман ретінде қалыптасуына.
Жиынға қатысушылар жаңа Конституция елдің экономикалық дамуына серпін беріп, саяси жүйені жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Кездесу соңында облыс әкімі мемлекеттік органдарды, құқық қорғау құрылымдарын және азаматтық қоғам өкілдерін Ата заңда белгіленген міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Конституция 2026 #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz