Премьер-министр Олжас Бектенов Аризона Университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесті.
Үкімет басшысы доктормен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстан үшін басым салалар бойынша бірлескен академиялық бағдарламаларды, ғылыми зерттеулер мен технологиялар трансферін кеңейту жағы қаралды. Бүгінгі таңда Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Аризона Университеті арасында стратегиялық әріптестік орнаған. Бірлескен бағдарламалар бойынша 1 мың 200-ден астам студент оқиды. Биыл алғашқы түлектер оқуын аяқтайды. Осы демалыс күндері 131 студентке диплом табысталады. Оқу үдерісін АҚШ-тан келген 36 оқытушы қамтамасыз етіп отыр. Қазір ауыл шаруашылығы, Су ресурстарын басқару, жаңа материалдар, мұнай химиясы, жасанды интеллект үшін осы ғылыми бағдарламаларға жеке инвестициялардан шамамен 3,5 млрд теңге тартылды.
Суреш Гаримелла, Аризона Университетінің президенті:
- Біз білім берудегі ынтымақтастық моделін Қозыбаев университетінде қолдандық, сол арқылы студенттердің көп санын қамти отырып, сіздің елдегі басқа да жоғары оқу орындарында кеңінен таратуға болатынын дәлелдедік. Өзіміз үшін үш негізгі басымдықты таңдадық, олар студенттердің жетістігі, ғылыми зерттеулер және қоғамға қызмет ету мен жергілікті қауымдастықтардың дамуы. Осы басымдықтардың әрқайсысы Қозыбаев университетінде шетелде оқу, қатысу, білім беру және басқа да бағыттар арқылы жүзеге асырылады.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Бір ғана мысал келтірейін. Мына қолымда тұрған күкірт сияқты арзан активтен біз қазір американдық серіктестеріміздің көмегімен линзалар, полимерлер, тыңайтқыштар мен сіңіргіштер жасауды үйрендік. Мұндай жобалар көп болады. Осылайша шетелдік университеттердің филиалдары оқытып қана қоймай, сонымен қатар технологиялардың трансферін ұсынады, экономиканың түрлі салалары үшін жаңа өнімнің қосылған жоғары құнымен қамтамасыз етеді.
Тегтер #Олжас Бектенов #университет #президент #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz