RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстауда 267 сайлау учаскесі ашылады

09.07.2026, 21:19 29

Маңғыстау облысында Құрылтай депутаттарының сайлауына жаңадан жеті учаске ашылады.

Жыл басынан бері өңірде 11 учаске құрылды. Олар Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Түпқараған аудандарының тұрғындарына арналған. Дауыс беру күні аймақта 267 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Онда 450 мың адам таңдау жасайды деп жоспарланған. Сайлаушылар тізімін 9 тамыздан бастап білуге болады. 

Елубай Әбілов Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Қазір сайлаушылардың санын нақтылау бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Әрбір сайлаушы өзі тізімде бар ма, жоқ па білуге құқы бар. Сондықтан біз әкімдіктердің жанында 8 колл-орталықтары және фейсбукте арнайы бөлімдер және "Маңғыстау.кз" ресурстарында "Маңғыстау сайлау бот" телеграм арналары іске қосылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz