Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады.
Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #Қырғызстан #елшіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz