RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындысы

14.07.2026, 21:00 37

Құрылтай депутаттарын сайлауға 34 млрд 300 млн теңге жұмсалады. Қаражат Үкімет резервінің төтенше жағдайлар көзінен қарастырылған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді. 

Қаржының республикалық бюджеттен бөлінбеуінің себебі - құжат былтыр қабылданып қойған. Ал ол кезде сайлау өткізу жоспарланбаған,-дейді. Тағы бір жайт, бұл ақшаға партиялардың насихаты кірмейді. Барлық сома сайлау учаскелеріндегі қызметкерлер жалақысы мен ұйымдастыру жұмыстарына бағытталады. Сондай-ақ отырыста Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары шықты. Орталық сайлау комиссиясына 7 саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылған. «Ақ жол» демократиялық партиясынан 63,  «Ауыл» партиясынан 69, Әділеттен 186 үміткер ұсынылса, «Байтақ» 47 мүшесін бәйгеге қосып отыр. Қазақстан халық партиясынан 72 кандидат,  және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 33 үміткер бар. «Respublica»  76 кандидатын ұсынған.

Шавхат Өтемісов, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар ОСК шотына саяси партиялардың қаржысынан сайлау жарнасын енгізеді. Парламент Мәжілісінің 8-ші шақырылымда қызмет атқарған саяси партиялар сайлау жарнасын төлеуден босатылады. Осылайша, Құрылтай депутаттығына өз кандидаттарын ұсынған 7 партияның тек екеуі ғана сайлау жарнасын төлейді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz