Қазақстан Xiaomi компаниясымен жасанды интеллект, есептеуіш қуат, «бұлтты» технологиялар мен цифрлық платформаларды дамыту бағытында бірлескен жобалар жасауы мүмкін.
Мемлекет басшысы аталмыш корпорацияның президенті Лу Вэйбинмен кездесіп, осы әлеуетті зерделеп көруді ұсынды. Бұл ретте брендке өңірде сұраныс артқаны және компанияның озық технологияларды игеруде мол тәжірибесі ескерілген. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның заманауи цифрлық экономика қалыптастыруға, жасанды интеллект пен жоғары технологиялық өнеркәсіпті дамытуға баса мән беріп отырғанын айтты. Ал Лу Вэйбин корпорацияның стратегиялық даму жоспарымен таныстырды. Xiaomi Қазақстан мен Орталық Азия нарығында дистрибуцияны барынша реттеуді жоспарлап отыр. Еліміз электромобиль, аккумулятор өндірісін жолға қоюға және интеллектуалдық көлік жүйелерін дамытуға мүдделі. Оған қоса стратегиялық серіктестікті қолдауға дайын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан #Қытай #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz