Жаңа Ата заң негізінде өтетін Құрылтай сайлауы елге оң өзгерістер әкеледі. Заң шығарушы органға халықтың шынайы мүддесін қорғайтын азаматтар шоғырланады.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рафаэль Гасановтың пікірі осындай. Сарапшының айтуынша, жаңа Конституцияда көрсетілген пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың рөлін күшейтеді. Сол арқылы олардың заң шығару қызметіне деген жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар Құрылтайда депутаттардың біліктілігіне жоғары талап қойылады.
Рафаэль Гасанов, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі:
- Алдағы Құрылтай сайлауы ең қызықты саяси науқандардың бірі болады деп ойлаймын. Біз саяси партиялардың съездерін көрдік. Олар Құрылтай сайлауына қарқынды дайындалуда. Ең бастысы – жаңа депутаттар қоғам мәселесіне бейжай қарамайтын азаматтар болуы керек. Сонымен қатар заң шығаруда үлкен жауапкершілікті сезінеді деп ойлаймын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай #сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz