Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхай қаласына жұмыс сапары аясында қазақстандық TopIQ компаниясы мен қытайдың ірі технологиялық білім беру компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа TopIQ компаниясының бас директоры Әнел Баталова және Qingdao Chuak Education Information Technology Co., Ltd. бас директоры Чак мырза қол қойды. Меморандум Қазақстан мектептерінде смарт-сыныптарды дамытуға және цифрлық білім беру платформасын енгізуге мол мүмкіндік ашады. Тараптар пилоттық жобаларды бірлесіп іске асыруға, заманауи технологияларды енгізуге және зияткерлік білім беру ортасын бірлесе дамытуға ниетті. Меморандумға қол қойылуы екі елдің жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастығын кеңейтудегі маңызды қадам саналады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #ЖИ және цифрландыруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz