Алматы ардагерлер қауымдастығы қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына белсене қатысуға шақырды.
Олардың сөзінше, заң шығарушы органның жаңа құрамы елдің даму бағыты мен қабылданатын заңдардың сапасына тікелей ықпал етеді. Құрылтай сайлауына жеті партия түседі. Саяси ұйымдар депутаттыққа кандидаттар тізімін ұсынды. Енді 23 шілдеде сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталады. Ардагерлердің пікірінше, әр азаматтың дауысы ел болашағы мен даму жолында маңызды рөл атқарады.
Ақан Бижанов, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Ардагерлер қауымдастығы Құрылтайда үміт күтіп отыр. Ең біріншіден қандай азаматтар келеді? Біздің ойымызша, жақында ғана саяси партиялар өзінің кандидаттарын шығарды, халыққа жариялады. Олардың арасында тиісті конкуренция болады деп ойлаймын. Ал конкуренцияның арасында ең бір сапалы жоғары дәрежелі, білімді жауапкершіліктері мол азаматтар келеді деп ойлаймыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ардагерлер қауымдастығы #құрылтайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz