RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай сайлауына дайындық жүріп жатыр

20.07.2026, 19:50 75

Ақмола облысында Құрылтай сайлауы күні 759 дауыс беру учаскесі ашылады. Сайлау барысын түрлі деңгейдегі комиссиялардың 4520 мүшесі қадағалайды.

Қазір олар арнайы оқытудан өтіп жатыр. Облыс бойынша 517 мың сайлаушы бар.  Оларға қолайлы жағдай жасау үшін учаскелерде 200-ге жуық сервистік қызмет пен жедел тіркеуге арналған 8 пункт жұмыс істейді.

Манарбек Сәдуов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:

- Ақмола облысы бойынша 759 сайлау учаскесі бар. Оның 696-сы сайлаушылардың тұрғылықты жерінде, ал қалған 63-і ол уақытша орындарда. 21 колл-центр, орталық ашылды. Соған хабарласып, өзінің учаскеін білуге болады. Өзіңіз білесіз, 23 шілдеде сағат 18:00-де партиялар өздерінің үгіттік жұмысын бастайды. Сондықтан оларға баспа орналастыру керек, соған 693 орын дайындап қойдық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz