RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай – қоғам мен билік арасындағы дәнекер

20.07.2026, 20:00 85

Сарапшылар Құрылтай сайлауын жаңа Конституциялық модельдің іске асуы мен саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды кезең деп бағалайды.

Алматылық қоғам белсенділерінің пікірінше,  алда келе жатқан науқан демократиялық институттарды жетілдіруге жол ашады. Оған қоса, бір палаталы Құрылтай болашақта   қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтып диалог орнатады. Заң шығару қызметін ғылыми негіздеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға және мемлекеттік органдардың халық алдындағы есеп беруін күшейтуге бағытталған институтқа айналады, - деген сенімде.

Бекнұр Қисықов, қаржы сарапшысы:

- Мен Құрылтайдың көпполярлы болуын қалаймын. Әртүрлі пікір болғаны дұрыс. Депутаттар бірінші кезекте мемлекеттік мүддені ойлауы тиіс. Ол жерде популизмге жол жоқ. Әрбір халық қалаулысы жеке амбицияны емес, мемлекетті жоғары қойып,  тұтастығымыз туралы ойлағаны жөн. Және соған сәйкес әрекет етуі керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz