RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай сайлауы: «Байтақ» жасылдар партиясының тізімі тіркелді

20.07.2026, 20:10 112

Орталық сайлау комиссиясы "Байтақ" партиясының Құрылтай сайлауына арналған партиялық тізімін тіркеді. Құжатта әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың үлесі 38,3%-ды құрап, заңда белгіленген квота сақталған.

Жалпы кандидаттар саны - 47. Олардың барлығы Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов мәлімдеді. Ақпарынша, партия Орталық сайлау комиссиясына заңнамада көзделген барлық қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде тапсырған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz