Жаңартылған Ата заң аясында Қазақстанның заң шығарушы жүйесінде түбегейлі өзгеріс жүзеге асып, бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылмақ.
Оның құрамына партиялық тізімдер бойынша бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді. Құрылтайдың жұмысы 8 бейінді комитет арқылы жүргізіледі. Депутаттар барлық заң жобаларын үш оқылымда қарауы тиіс. Бірінші құжаттың жалпы тұжырымдамасын талқылау, екінші - әрбір бапты және ұсынылған түзетулерді егжей-тегжейлі қарау және заң жобасының Конституцияға сәйкестігін тексеріп, қорытынды дауыс беру. Бұл формат заң шығару процесін ашық әрі тиімді етеді деп күтілуде.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Құрылтай жалпыұлттық деңгейдегі ашық диалог алаңы ретінде қызмет етіп, қоғамды толғандырған өзекті мәселелерге дер кезінде назар аударуы қажет. Бұл – азаматтардың дәйекті өтініштері міндетті түрде ескеріліп, нақты нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау арқылы мемлекеттік мекемелерге тиісті тапсырмалар берілуі керек деген сөз.
Құрылтайдың алғашқы құрамы алдағы сайлау қорытындысы бойынша құрылады. Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерді тіркеуді аяқтады. Яғни жеті саяси партиядан 546 кандидат 145 депутаттық мандатқа үміткер. Бұл бір орынға шамамен төрт адам деген сөз. Атап айтқанда, «Ауыл» партиясы – 69, «Ақ жол» – 63, Қазақстан Халық партиясы – 72, Respublica – 76, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 33, ал «Байтақ» жасылдар партиясы 47 кандидат ұсынды. Сондай-ақ «Әділет» партиясы сайлауға 186 кандидатты бекітті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #сайлауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz