Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауын жариялайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу басталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, шетелдік журналистер ел аумағында өзінің кәсіби қызметін Сыртқы істер министрлігі берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу куәлігі болғанда ғана заңды түрде жүзеге асыра алады. Аталған талап сайлау науқаны кезеңінде ақпараттың ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында қатаң сақталады.
Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, бұл шараның басты мақсаты – елдегі маңызды саяси оқиғаның ашық, әділ әрі халықаралық стандарттарға сай өтуін қамтамасыз ету. Шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуы сайлау барысы мен дауыс беру процесін әлемдік аудиторияға бейтарап, шынайы әрі жан-жақты жеткізуге және демократиялық қағидаттарға адалдығын халықаралық деңгейде айғақтауға бағытталған.
Сондай-ақ, шетелдік БАҚ өкілдеріне жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда өздерімен бірге бір аудармашыны алып жүруге рұқсат етілген. Өтінімдерді қабылдау үстіміздегі жылдың 16 тамызына дейін созылады.
Тегтер #құрылтай #сайлау 2026 #СІМ #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz