Бүгін елде кешкі сағат 18:00-ден сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Науқан 21 тамызға дейін жалғасады.
Саяси науқанға дайындық барысы Орталық сайлау комиссиясы, мемлекеттік органдар, саяси партиялар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиында талқыланды. Онда сайлау заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді. Тұрғындарды тек бейтарап ақпаратпен қамтуға рұқсат етіледі. Яғни, қандай да бір партияға немесе кандидатқа дауыс беруге үндейтін материалдарды таратуға болмайды. Сонымен қатар үгіт-насихат материалдарына қойылатын талаптар жарияланды. Онда басылымның таралымы, дайындаЛған орны, өндірушісі және қаржыландыру көзі туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
23 шілде – 21 тамыз
Белсенді үгіт-насихат кезеңі
Партиялар мен кандидаттарды қолдауға шақыруға, жарнамалық роликтер мен сайлау рәміздерін пайдалануға рұқсат етіледі.
22 тамыз
Тыныштық күні
Кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Агитациялық материалдарды басты бетке немесе ұсынылатын контент қатарына шығаруға болмайды.
23 тамыз
Сайлау күні
Үгіт-насихат жүргізуге, сондай-ақ сайлау нәтижесіне қатысты болжамдар мен қоғамдық пікір сауалнамаларын жариялауға тыйым салынады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #сайлау #құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz