RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда Қазақстанның жаңа конституциялық келбеті талқыланған көшпелі жиын өтті

23.07.2026, 19:40 30

Петропавлда «Қазақстанның жаңа конституциялық келбеті: аймақтық көзқарас» тақырыбындағы алғашқы көшпелі жиын өтті.

Іс-шараға жетекші сарапшылар, ғылыми қауымдастық өкілдері, заңгерлер, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Кездесуде Құрылтайға жүктелетін міндеттер мен оның мүшелерінің қоғам мен үкімет арасындағы диалогты нығайтудағы рөлі талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, болашақ Құрылтайдың күн тәртібінде өңірдегі өзекті мәселелер көрініс табуы тиіс.

Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:

- Бүгінгі таңда облыста жалпы аймақтық өнімнің төрттен бір бөлігін ауыл шаруашылығы беріп отыр. Бұл әлеуетті арттыратын бірқатар ірі инвестициялық жобалар  қолға алынды. Олардың қатарында сүт фермалары мен ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер бар. Машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібіне басымдық беріліп отыр. Болашақ Құрылтай мүшелері осы жетістіктерімізді нығайтуға себін тигізеді деген сенімдеміз. Бұл өңірдегі адами капиталды дамыту үшін ең басты алғышарттар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz