RU
Толық нұсқаға өту

«Ауыл» партиясы сайлауалды штабын ашты

23.07.2026, 23:05 128

«Ауыл» партиясы республикалық сайлауалды штабын ашты. Астанада өткен жиынға құрылтай депутаттығына кандидаттар, республикалық және өңірлік штабтардың, сондай-ақ партия жастар қанатының өкілдері қатысты.

Штабтың ашылуымен бір мерзімде ұйымның Шымкент қаласы және Түркістан, Қарағанды, Жетісу облыстарындағы филиалдары брендтелген киіз үйлерді тікті. Бұл алаңдарда тұрғындар сайлауалды бағдарламамен танысып, партия өкілдерімен тілдесіп, кандидаттарға өз ұсыныстарын қалдыра алады. Бұған дейін партия Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу үшін 69 кандидат тіркеген болатын. Үміткерлердің басым бөлігі 35 пен 55 жас аралығындағы саясаткерлер. Олардың жартысына жуығы ауыл шаруашылығы саласының мамандары. Партия аймақтардағы шаруа қожалықтарының дамуына жағдай жасап, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруді көздеп отыр.

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы:

- Біз де сайлауалды бағдарламаны тіркедік. Бүгін міне, жұмысымызды бастап жатырмыз. Бізде жаңа 7 бағыт бағдарлама. Жиырма өңірді аралап шығамыз. Шалғай аудандарға, ауылдарға барамыз. Қазақстан бойынша барлық аймаққа барады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz