Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясындағы үгіт-насихат жұмыстарын «Әділет» партиясы да ресми түрде бастады.
Бүгін партияның 20 өңірлік, 226 аумақтық штабы және шамамен 30 мың сенімді өкілі жұмысқа кірісті. Бұл туралы Астанада республикалық сайлауалды штабтың ашылуында партия төрағасы Айбек Дәдебай мәлімдеді. Республикалық штабтың ресми ашылуын алғаш рет жасанды интеллект модераторы жүргізді. Штаб кеңістігі сайлауалды науқанды тиімді үйлестіруге, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беретін Open Space қағидаты бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараға Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар, өңірлік штабтардың жетекшілері, партияның жастар қанаты мен бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Партиялық тізімге 186 кандидат енгізілді. Олардың қатарында заңгерлер, ғалымдар, цифрлық технология мен өнеркәсіп саласының өкілдері, азаматтық қоғам мен әлеуметтік сала өкілдері бар.
Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:
- Сайлау қарсаңында «Әділет» партиясы өзінің «Әділетті болашақ үшін» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын жариялады. Бағдарлама нақты іс пен жоспарға тиянақты әрі табанды шешімдерге негізделген кешенді құжат. Тәжірибе мен уақыт екшеуінен өткен азаматтарымыздың талғам таразысынан өткен шынайы құндылықтардың жиынтығы. Баршамыздың ендігі міндетіміз сайлауалды бағдарламаны халыққа жеткізіп, егжей-тегжейлі насихаттау және түсіндіру.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #әділет партиясыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz