RU
Толық нұсқаға өту

«Ақ жол» партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырды

23.07.2026, 23:20 182

«Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды үгіт-насихат науқанын Алматыдағы жастар форумымен бастады. Іс-шара саяси ұйымның төрағасы Дәния Еспаеваның басшылығымен өтті.

Партия төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда саяси ұйымның 19 пайызы жастардан тұрады. Жиында партия өкілдері сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Форумға партия белсенділері және жастар қатысты. Сондай-ақ партияның барлық өңірлік филиалдары онлайн форматта атсалысты. Ал Павлодар облыстық филиалында сайлауалды штаб мүшелері мен Құрылтайға кандидаттар қатысты. Басымдық ретінде жастарды баспанамен қамту, шағын және орта бизнесті қолдау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару және әлеуметтік тұрғын үй мәселелері айтылды. Партия өкілдерінің сөзінше, бұл бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Алдағы уақытта партия өкілдері сайлаушылармен кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарлама-ның негізгі бағыттары мен басымдықтарын кеңірек таныстыратын болады.

Дания Еспаева, «Ақ жол» партиясының төрағасы:                               

- Осы форумда біздің бағдарламамызды жариялайтын боламыз. Сонымен қатар өзіміздің бірқатар үміткерлерімізді көрсететін боламыз. Жастардың атынан көптеген сұрақтар болады. Сондықтан осындай интерактивті түрде жастармен талқылаймыз.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz