RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

27.07.2026, 09:10 49

Астанада кадрлық өзгеріс болды. Елорда әкімінің орынбасары қызметіне Талғат Рахманберді тағайындалды. Бұған дейін ол Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарған, деп хабарлайды «24KZ».

Өзге жұмысқа ауысуына байланысты Есет Байкеннің орнына Астана әкімінің орынбасары болып Талғат Рахманберді тағайындалды. Оның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісілді.

Талғат Рахманберді еңбек жолын 2004 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы болып бастады.
Әр жылдары «Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы институтында қылмыстық процесс заңдылығы мен жедел-іздестіру қызметін қадағалау бойынша біліктілікті арттыру басқармасының аға прокуроры, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және өзге де жауапты қызметтерді атқарды.

2016 жылдың сәуірінен 2019 жылдың наурызына дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болды. Кейін, 2019 жылдың сәуірінен бастап қала әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдың тамызынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы мен Ішкі саясат басқармасын басқарды. Сондай-ақ қала әкімінің кеңесшісі болды.
2023 жылғы 18 қазаннан бастап Астананың Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа орынбасарына қаланы жүйелі дамытуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz