RU
Толық нұсқаға өту

Саяси партия өкілдері тікелей эфирде кездесті

29.07.2026, 23:30 35

Алдағы Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партия өкілдері бір алаңда бас қосты. Алғашқы ұлттық теледебат Алматы қаласындағы «Qazaqstan» телеарнасының жаңа медиакешенінің Sky студиясында өтті.

Елімізде сайлау алдында саяси дебат өткізу дәстүрге айналған. Бұл жолы бірқатар жаңашылдықтар бар. Әуелі Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері арнайы брендтелген автобустармен қала көшелерімен жүріп, жаңа медиаорталыққа келді. Әр партияның делегациясын жақтастары жылы қарсы алып, қолдау көрсетті. Ұлттық теледебат басталмай тұрып арна тілшілері партия өкілдерімен жедел-сұхбат жүргізді. Мұндай тәсілдер халықтың саяси үрдістерге қызығушылығын арттыруға ықпал етеді, - дейді ұйымдастырушылар.

Жалғас Сәдібекұлы, Qazaqstan ұлттық телеарнасының директоры:

- Тағы бір жаңалығымыз «рандомайзер» жүйесі. Бұған дейін саяси партиялар дәстүрлі түрде жеребе тастайтын болса, бұл жолы «рандомайзер» арқылы партиялардың сөйлеу реті анықталады. Электронды жүйеде ешқандай партияға ешқандай артықшылық берілмейді. Электронды жүйеде анықталады. Сол арқылы біз ашық әрі әділ саяси дебаттың өтуін қалаймыз.

Теледебатқа қатысушылар алдымен пікірсайыс мәдениеті мен өзара сыйластық қағидаттарын сақтауға бағытталған Этика хартиясына қол қойды. Хартия қатысушыларды заң талаптарын сақтауға, қарсыластарын негізсіз айыптау мен қаралауға жол бермеуге, сондай-ақ пікірталасты өз партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүргізуге міндеттейді. Бес кезеңнен тұратын пікірсайыс барысында жеті саяси партияның өкілдері өз партияларының сайлау бағдарламаларын таныстырып, ел дамуының басым бағыттары бойынша партиялық ұстанымдарын жеткізді. Мұндай алаң саяси партиялар үшін өте тиімді құрал, - дейді сарапшылар.

Бекнұр Кисиков, қоғам қайраткері:                           

- Қазіргі сайлауда теледебаттың негізі институционалдық жағынан қатты күшейіп жатыр деп ойлаймын. Міне, көріп тұрсыз, жеті партияның бәрі қатысып тұр. Оладың өкілдері бар. Сыртта олардың жанкүйерлері бар. Сондықтан оның бәрі шоудың бір түрі және саяси интеллект, саяси ойлаудың бір түрі деп айтар едім.

Пікірсайыстың ашық әрі халыққа қолжетімді өтуі үшін арнайы Call-орталық жұмыс істеді. Көрермендер әлеуметтік желілер арқылы қатысушыларға тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ Демократия институты партия өкілдерінің дебаттағы ұтымды жауаптарын бағалау үшін онлайн сауалнама жүргізді.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz