RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай сайлауына дайындық

01.08.2026, 09:48 52

23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді.

Сайлау күні бас қалада тұрақты тіркеуі бар дауыс берушілер үшін 403 учаске жұмыс істейді. Бұдан бөлек уақытша тұрған азаматтарға арналған 117 және жабық форматтағы 35 учаске ашылады. Ал шет елдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанынан 82 сайлау учаскесі ұйымдастырылмақ. Қазір аумақтық комиссиялар әкімдікпен бірлесіп дауыс берушілердің тізімін нақтылап жатыр. Әр азамат өзіне тиесілі учаскені eGov Mobile қосымшасы, GOV kz порталы немесе елорда тұрғындары үшін арнайы іске қосылған sailau.astana.kz сайты арқылы анықтай алады. Ал 7 тамыздан бастап әрбір азамат өзі тіркелген учаскеге барып, сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексере алады.

Бейсенбай Жұмабеков, Астана Қ. аумақтық сайлау комиссияның төрағасы:

- Екінші тамыз күні әкімдіктер электронды жүйеде, қағаз жүйеде жаңағы тізімдерді біздің мынау учаскелік комиссияларға тапсырады. Содан кейін біздің учаскелік комиссияларға әрбір сайлаушы келіп, өзің списокта жаңағы тізімде бар ма, жоқ па, соны білуіне мүмкіншілігі бар. Ол үшін Астана қаласында бүкіл бұқаралық ақпарат беттерінде азаматтарға мәлімет беріп жатырмыз. Қалай өзін табуға болатынын. 

Елде 23 шілде күні сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Науқан 21 тамызға дейін жалғасады. Осы аралықта саяси партияларға тұрғындарды тек бейтарап ақпаратпен қамту рұқсат етіледі. Яғни қандай да бір партияға немесе кандидатқа дауыс беруге үндейтін материалдарды таратуға болмайды. Сонымен қатар үгіт-насихат материалдарына қойылатын талаптар жарияланды. Онда басылымның таралымы, дайындалған орыны, өндірушісі және қаржыландыру көзі туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс. 21 тамызға дейін белсенді үгіт-насихат жүргізіледі. Партиялар мен кандидаттарды қолдауға шақыруға, жарнамалық роликтер мен сайлау рәміздерін пайдалануға рұқсат етіледі. 22 тамыз тыныштық күні. Кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Агитациялық материалдарды басты бетке немесе ұсынылатын контент қатарына шығаруға болмайды. 23 тамыз сайлау күні үгіт-насихат жүргізуге, сондай-ақ сайлау нәтижесіне қатысты болжамдар мен қоғамдық пікір сауалнамаларын жариялауға тыйым салынады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz