RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай сайлауына 96 халықаралық байқаушы аккредиттеуден өтті

02.08.2026, 09:12 49

Елде 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын бақылау үшін 100-ге жуық шетелдік байқаушы тіркелді.

Бұл туралы Орталық сайлау коммиссиясы мәлімдеді. Бірақ байқаушылардың саны әлі өзгеруі мүмкін. Шетелдік мамандарды аккредиттеу 17 тамызға дейін жалғасады. Бүгінге дейін Өзбекстан, Қырғызстан, Индонезия, Малайзия, Пәкістан мен Мальдив Республикасы сынды елдерден ұсыныстар түсті. Сондай-ақ ниеттілер арасында беделді халықаралық ұйымдар да бар. Әзірге соңғылардың бірі болып комиссияның 10 отырысында 5 шет мемлекет пен 1 халықаралық ұйымнан 10 халықаралық байқаушының кандидатурасы ұсынылды. 

Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Атап айтқанда, Молдова Республикасынан - 4 кандидатура, оның ішінде осы елдің Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Халықаралық парламентарийлер конгресінен (IPC) - 1 кандидатура, Албания Республикасынан – 2 кандидатура, Кувейт Мемлекетінен 1 кандидатура, сондай-ақ Армения Республикасы мен Палестина Мемлекетінен бір-бір кандидатура.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz