RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: Құрылтай сайлауы тарихи маңызға ие

02.08.2026, 19:45 34

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы тарихи маңызға ие. Бұл – жаңа саяси жүйе аясында өтетін алғашқы дауыс беру науқаны.

Мұндай пікірді қырғызстандық саясаттанушы, мемлекеттік басқару саласының сарапшысы Шерәділ Бақтығұлов білдірді. Оның айтуынша, парламент сайлауы конституциялық реформаны іске асырудағы шешуші кезең. Реформа Әділетті Қазақстанның берік негізін қалайды. Сарапшының сөзінше, дауыс беру қорытындысы депутаттық корпустың жеке құрамын айқындап қана қоймай, жаңа мемлекеттік институттардың ел игілігі жолында қаншалықты тиімді жұмыс істейтінін де көрсетеді.

Шерәділ Бақтығұлов, саясаттанушы:

- Бұл шын мәнінде тарихи маңызы зор оқиға. Өйткені әңгіме депутаттар құрамының жай ғана жаңаруында емес, елді басқару жүйесінің түбегейлі қайта құрылуында болып отыр. Бұл сайлау елдегі билік құрылымын өзгертеді. Оның үстіне бір палаталы жүйе жағдайында Құрылтай депутаттарына елдегі барлық заңдарды қабылдау бойынша ортақ әрі толық жауапкершілік жүктеледі. Сондай-ақ бұл сайлаудың маңыздылығы оның жаңа ережелер бойынша ғана емес, мүлде жаңа саяси жағдайда өтетіндігімен ерекшеленеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz