RU
Толық нұсқаға өту

«Қызылорда – Сексеуіл» мен «Ұлғайсын – Сексеуіл» жолдары салына бастады

03.08.2026, 15:00 46

Елде «Қызылорда Сексеуіл» және «Ұлғайсын Сексеуіл» жолдарын кеңейту, түбегейлі жаңғырту жұмыстары да бастау алды. Ұзындығы 770 шақырымнан асатын бұл жоба Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы маңызды логистикалық бағыттардың біріне айналдыруға мүмкіндік береді.

Президенттің сөзінше, құрылысты отандық компаниялар жүргізеді. Жобаға 10 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылады. Жолдар пайдалануға берілген соң, жүк тасымалы 2,5 есеге артып, жылына 13 миллион тоннадан асады деп күтіледі. Бұл отандық туризмге тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал етпек. Айта кеткен жөн, бүгінде елдегі автокөлік тасымалы табысы жағынан теміржол көлігімен теңесті. Сондықтан жол құрылысын жүргізуде заманауи цифрлық экожүйені құру аса маңызды. Бұл Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейте түсері анық. Бұған дейін тұйық нүкте саналып келген Арал маңындағы бағыттар енді Еуразияның негізгі көлік дәліздерінің күретамырына айналуы ғажап емес. Сондықтан бүгін бастау алған жобалар 2029 жылға дейін аяқталуы қажет деді Мемлекет басшысы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz