Бүгін еліміз бойынша учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын бастады.
Барлығы 10 мың 400-ден астам пункт ашылды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, саяси науқанға 10 мың 600-ден астам комиссия мен 70 мыңнан аса адам жұмылдырылған. 4 - 17 тамыз аралығында Орталық сайлау комиссиясының басшылығы барлық өңірді аралап, сайлау учаскелерінің әзірлігін пысықтайды. Тексеру барысында техникалық жабдықталуы, байланыс орталықтарының жұмысы және комиссия мүшелерінің дайындығы бағаланады. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру күні өзге елді мекенде болатын азаматтарға есептен шығару куәлігін алдын ала рәсімдеуге болатынын айтты. Құжат тұрақты тіркелген жері бойынша 7 - 22 тамыз аралығында беріледі. Сондай-ақ комиссия бюллетенінің үлгісін таныстырды. Биылғы науқанға 12 миллион 700 мыңнан астам бюллетень әзірленеді. Дауыс беру күні арнайы онлайн қызметтер іске қосылады. Олар азаматтардың сайлау учаскесін жедел анықтап, қажет болған жағдайда сайлаушылар тізімін нақтылауға мүмкіндік береді.
Азамат Айманақұмов, орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Жалпы сайлау туралы конституциялық заңда егер сайлаушы денсаулық жағдайына және отбасының сырқат мүшесін күту жағдайына, шалғайда орналасқан, алыс қашықтықта орналасқан сайлау учаскелері құрылмаған жерлердегі елді мекендердегі сайлаушылар егер дауыс беру күні, яғни 23 тамызда дауыс беруге келе алмаса, онда олар жазбаша өтініш беру арқылы учаскелік сайлау комиссиясына үйден дауыс бере алады. Осы аталған категориядағы азаматтар дауыс беру күні учаскеге келе алмаса, онда жазбаша өтініш арқылы комиссияны шақырады. Сол кезде комиссияның екі мүшесі үйден дауыс беруді ұйымдастырады.
Тегтер #құрылтай 2026 #Таңдаулы #Учаскелік комиссияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz