Құрылтай сайлауына 250-ден астам халықаралық байқаушы тіркелді.
Олардың қатарында Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің өкілдері бар. Алда байқаушы саны көбеюі мүмкін, тіркеу 17 тамызға дейін жалғасады. Бүгін 9 шет мемлекеттен және 4 халықаралық ұйымнан 155 кандидатты аккредиттеуге ұсыныс түсті. Олардың қатарында ТМД Байқаушылар миссиясының мүшелері бар. Бүгін Орталық сайлау Комиссиясының төрағасы ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары Игорь Петришенкомен кездесті. Нұрлан Әбдіров бірлестік байқаушыларының елде өтетін сайлаулар мен референдумдарға тұрақты түрде қатысып келе жатқанын атап өтті. Игорь Петришенко Қазақстанда өтетін сайлаудың айрықша тарихи маңызын атап өтіп, Байқаушылар миссиясының Қазақстандағы жиырмасыншы, ал ТМД кеңістігіндегі 135-миссиясы екенін айтты.
Игорь Петришенко, ТМД Бас хатшысының бірінші орынбасары, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:
- ТМД байқаушылар миссиясы дәстүрлі түрде бейтарап жұмыс істейді және мемлекеттік органдардың ішкі ісіне араласпайды. Біз бақылауды уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүргіземіз, сондай-ақ келіп түскен шағымдар мен ұсыныстардың қалай қаралатынын қадағалаймыз. Сонымен бірге сайлаушылар тізімінің қалай жасақталғанын талдаймыз. Басты мақсат – әр азаматтың сайлауға қатысу құқығын қамтамасыз ету, яғни Қазақстан аумағында да, шет елдерде де таңдаған саяси партиясына дауыс беруіне мүмкіндік жасау.
Тегтер #Таңдаулы #құрылтай 2026 #байқаушы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz