Бір палаталы парламенттің «Құрылтай» аталуы терең символдық мәнге ие.
Ол халықтың өмірі мен мемлекеттің болашағына қатысты ең маңызды мәселелер талқыланған тарихи жиындар дәстүрін меңзейді. Жаңа саяси модельде ұлттық дәстүр мен заманауи даму ұштасып жатыр. Саяси ғылымдарының докторы, Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің профессоры Татьяна Дронзина осылай дейді. Халықаралық сарапшы жаңа өзгеріс заң шығару ісін жеделдетеді деді.
Татьяна Дронзина, саяси ғылымдар докторы:
- Алдағы сайлаудың басты ерекшелігі Құрылтайдың партиялық тізімдер бойынша жасақталуы. Пропорционалды сайлау жүйесі саяси бәсекелестіктің негізгі назарын жекелеген тұлғалардан партиялардың бағдарламаларына, идеяларына және елді дамыту стратегияларына аударады. Мұндай модель заң шығару үдерісін тиімді әрі, ең бастысы, халыққа барынша түсінікті етуге бағытталған.
Тегтер #құрылтай 2026 #Болгария #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz