Қазақстандық дайын өнімнің сыртқы нарықтардағы үлесін кеңейту қажет, передает «24KZ».
Премьер-министр Үкімет отырысында сала басшыларына осындай тапсырма жүктеді. Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейтуге ден қою қажеттігін айтты. Әсіресе, қосылған құны жоғары қазақстандық өнімді шетел нарықтарында ілгерілету маңызды.
Ол үшін сертификаттау, логистиканы ұйымдастыру және өнімді шетелдік сауда желілерінің сөрелеріне орналастыру бағытында кешенді шаралар әзірлеу қажет. Бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді.
Тегтер #үкімет #Үкімет отырысы #Олжас Бектенов #экспорт #сертификаттау #логистика #Серік Жұманғарин #экономика #24кзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz