RU
Толық нұсқаға өту

Алатауда тұрақты авиациялық отын экожүйесі құрылады

04.08.2026, 19:10 32

Премьер-министр Олжас Бектенов гонконгтық Full Vision Capital компаниясының негізін қалаушы Питер Лимен кездесті.

Тараптар энергетика саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, экологиялық таза авиациялық отын өндірісін дамыту, зияткерлік энергетикалық шешімдерді және энергияны жинақтаудың заманауи жүйелерін енгізу жайы қаралды. Алатау қаласының аумағында алғашқы тәжірибелік пилоттық жобаны іске қосуға ерекше назар аударылды. Олжас Бектенов Үкімет барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенін жеткізді. Ал  Питер Ли серіктестікті жоғары бағалады. Кездесу қорытындысы бойынша  Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын өндіру жөніндегі экожүйені құру туралы меморандумға қол қойылды. Премьер-министр салалық мемлекеттік органдар мен AlatauCity Authority-ге пилоттық жобаларды жүзеге асыруға жәрдем көрсетуді тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz