Құрылтай депутаттарын сайлауға ел азаматтарының 70 пайыздан астам қатысады.
Мұндай болжамды өңірлерде жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысына сүйеніп, Қазақстан қоғамдық даму институтының мамандары жариялады. Сарапшылардың мәліметінше отандастарымыздың саяси белсенділігі жоғары. Әрі сайлаушылар саяси партиялар ұсынған бағдарламаларға, нақты мақсат-міндеттеріне ерекше қызығушылық танытып отыр. Өскемен қаласында Ұлттық сарапшылық комиссияның отырысында сайлау науқанына дайындық барысы талқыланды. Жиынға Астана, Павлодар және Семей қалаларынан келген саясаттанушылар мен сарапшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ өңірлік қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Азамат Байғалиев, «Қазақстан қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
- Елдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен мұң мұқтажын билікке жеткізу мәселелері бүгінгі Өскеменде өтіп жатқан алаңда талқыланады деп есептейміз. Сондай-ақ өңірлердің саяси мәдениетке қатысты даму мәселелері де қарастырылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #ӨскеменPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz