RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай сайлауы - жалпыхалықтық саяси науқан

05.08.2026, 17:12 31

Құрылтай сайлауы - конституциялық реформадан кейінгі алғашқы жалпыхалықтық саяси науқан.

Алдағы бес жылға арналған заң шығару тәртібін айқындайтын сайлауды халықаралық сарапшылар назарға алып отыр. Мәселен, Армения  Қазақстанға Орталық Азиядағы негізгі серіктестердің бірі әрі сыртқы экономикалық және саяси әріптестікті әртараптандырудың маңызды бағыты ретінде қызығушылық танытып отыр. 

Сергей Мелконян, Арменияның қолданбалы саяси зерттеулер институтының сарапшысы:

- Екі палаталы Парламенттен бірыңғай басқару жүйесіне көшу заң шығару үдерісін объективті түрде жеделдетеді. Сонымен қатар қабылданатын заңдар үшін жауапкершілікті нақтылай түсіп, оны дербестендіруге мүмкіндік береді. Армения үшін, ең алдымен, сайлау қорытындысы маңызды. Себебі Құрылтайдың жаңа құрамы алдағы бес жыл ішінде Армения мен Қазақстан арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың бағытын айқындайтын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz