Жаңа Конституция – елдегі заң үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын айқындайтын басты құжат.
Сарапшылардың айтуынша, Ата Заңның басты ерекшелігі – құжаттың халықтың қатысуымен әзірленуі. Сондықтан да оны «халықтық конституция» деп атайды. Құжатта адам құқықтары мен бостандығын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге басымдық берілген. Сондай-ақ Жаңа Конституция мемлекеттің даму стратегиясын бір жүйеге біріктіреді. Онда Қазақстанның басты байлығы – адам капиталы, білімі, қабілеті, шығармашылығы және ғылыми әлеуеті деп нақты жазылған. Ата заңда елдің бүгінгі болмысы ғана емес, болашақта қандай ел ретінде орнығатыны да нақты көрініс табады.
Тегтер #Жаңа Конституция #құқық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz