Алматыда алдағы Құрылтай сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр.
Дауыс беру күні қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Учаскелер орналасқан ғимараттардағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алматыда 1 миллион 329 мың адам дауыс беру құқына ие. 7 тамыздан бастап азаматтар сайлаушылар тізімімен таныса алады. Маңызды науқанды бақылау үшін аккредиттелген 13 ұйым өз өкілдерін сайлау учаскелеріне жібереді.
Айгүл Қалықова, Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде саяси партиялардың сенімді өкілдері бола алады. Қазір оларды тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Саяси партиялар бізге өтініштері мен сенімді өкілдерінің тізімін ұсынады. Аумақтық сайлау комиссиясы сол құжаттардың негізінде оларды тіркейді. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша әртүрлі саяси партиялардан 500-ге жуық сенімді өкіл тіркелді.
Тегтер #Алматы #құрылтай 2026 #дайындық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz