Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша халықтың 70 пайызы сайлауға баруға ниетті екенін білдірген.
Бұл туралы «Sarap» сарапшылар клубының Жезқазғанда өткен аймақтық отырысында айтылды. Шараға өңірдегі ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, қоғамдық қорлардың басшылары, сондай-ақ Ұлытау мен Қарағанды облыстары қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Отырыста сайлау қарсаңындағы азаматтық қоғамның рөлі, олардың саяси партиялармен өзара іс-қимылы мен азаматтық белсенділікті дамыту жолдары талқыланды. Сарапшылардың айтуынша халықтың электоралдық мәдениеті мен саяси үдерістерге қатысу деңгейі артқан. Бұл ретте үкіметтік емес ұйымдардың атқарып отырған жұмысы ауқымды дейді.
Риззат Тасым, Қазақстандық қоғамдық даму институты Институционалдық талдау және реформалар орталығының басшысы:
- Азаматтық қоғам қоғамдық мүддені үйлестіре алатын және оны тікелей жоба ретінде асыра алатын институционалдық жүйе болғандықтан партиялармен олардың байланысы өте маңызды. Бүгінгі таңдағы басты күн тәртібі партиялардың өзара ықпалдастығы қандай деңгейде, қандай қиындықтар бар және де бірлескен қандай жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Соны талқылауға арналды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #қоғамдық институт #сарапшыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz