RU
Толық нұсқаға өту

Н. Нәлібаев отандық броньді техника өндірісімен танысты

07.08.2026, 16:03 29

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Барыс Динамикс компаниялар тобының құрамындағы Kazakhstan Paramount Engineering кәсіпорнын аралады.

Өндіріс орны электронды-оптикалық жүйелерді, радиолокациялық станцияларды және қашықтан басқарылатын жауынгерлік модульдер мен байланыс құралдарын әзірлеп, заманауи брондалған дөңгелекті техниканы шығаратын Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын саналады. Зауыт іске қосылғалы 400-ден астам техника өндіріліп, алдағы 2 жылда тағы 200-ден аса броньді көлік түрі шығарылмақ. Олар баллистикалық және минаға қарсы қорғаныс бойынша сынақтардан сәтті өтіп, әскери пайдалану барысында және Біріккен ұлттар ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясында тиімділігін дәлелдеп үлгерген. Кәсіпорын базасында отандық зияткерлік меншік құқығындағы жеке конструкторлық бюро да жұмыс істейді. Бұған сәйкес, 100-ден астам қазақстандық инженер заманауи броньді техниканы өз бетінше жобалау және өндіру саласында ұлттық инженерлік құзыреттерді қалыптастыру бойынша шетелде арнайы даярлықтан өткен.

Төленді Жұртбаев, кәсіпорынның бас инженері:

"Біздің шығарып жатқан негізгі өніміміз ол мына күштік құрылымдарға арналған. Қорғаныс министрлігі, тағы сол сияқты. Мынау броньдалған техника БТР дейді. Арлан, Алан, Террекс Барыс сол сияқты техникалар. Жергілікті талаптарға, күштік құрылымдардың талаптарына икемделіп жасалды. Неше түрлі жүйелер, қорғаныс жүйелері, байланыс жүйелері, көру жүйелері, анықтау жүйелері жасалды".

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz