Елдегі Құрылтай сайлауы шетелдік сарапшылардың да қызығушылығын тудырып отыр.
Анкарадағы Еуразия экономикалық қатынастар қорының төрағасы Хикмет Эрен бұл науқанды елдегі саяси реформалардың маңызды кезеңі деп бағалайды. Оның айтуынша, жаңа парламенттің «Құрылтай» деп аталуы тарихи сабақтастықтың символы іспетті. Бұл институт түркі халықтарының ежелгі басқару дәстүріне сүйенеді. Ал Ата заңға енгізілген өзгерістер елдің экономикалық, әлеуметтік һәм саяси дамуына серпін береді дейді. Сондай-ақ сарапшы Қазақстанның бұл тәжірибесі Орталық Азия елдері үшін де үлгі бола алатынын айтты.
Хикмет Эрен, Еуразия экономикалық қатынастар қорының төрағасы:
- 15 наурызда Қазақстанда өткен конституциялық референдумды ел тарихындағы бетбұрыс кезеңі деп есептеймін. Біз де бұл үдерісті үлкен қызығушылықпен бақыладық. Қазір елдің экономикалық өсімі шамамен 4,5 % болса, алдағы уақытта оны 6-7%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Ал Қазақстанның дамуы бүкіл Орталық Азияның, соның ішінде Қырғызстан мен Өзбекстанның да өркендеуіне оң әсер етеді.
Тегтер #Қазақстан #құрылтай 2026 #даму #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz