RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу саяси жүйені жаңғыртады

07.08.2026, 23:53 30

Бір палаталы Парламент - Құрылтайға көшу - бұл тек Парламент құрылымын өзгерту емес, мемлекеттік басқару жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған реформа.

Мұндай пікірді қырғызстандық сарапшы Алина Молдокеева білдірді. Оның айтуынша, жаңа органның тиімділігі ең алдымен оның дЕрбестігіне және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің сақталуына байланысты. Сондай-ақ Құрылтайдың толыққанды жұмыс істеуі үшін шынайы саяси бәсеке, депутаттардың тәуелсіздігі, заң шығару үдерісінің ашықтығы шешуші мӘнге ие.

Алина Молдокеева, Қырғызстан халықаралық университетінің шығыстану кафедрасының доценті:

- Жаңа Парламенттен күтілетін нәтижелерге келсек, қазіргі Құрылтай қандай да бір тарихи институтты жай ғана жаңғырту емес, дәстүрлі атауы сақталған жаңа үлгідегі Парламент болмақ. Қос палаталы жүйеден бас тарта отырып Құрылтай заңдардың сапасы мен атқарушы билікке тиімді парламенттік бақылауды қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікті өз мойнына алады. Сондықтан оның жеткілікті деңгейдегі дербестігін қамтамасыз етіп, билік тармақтары арасындағы басқару теңгерімін сақтау маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz