RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай сайлауына үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр

08.08.2026, 21:12 51

Партиялардың өкілдері аймақтарда жұртшылықпен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.

Азаматтарды толғандырған мәселелерге назар аударды.

ҚХП бірнеше буын өкілдерінің басын қосты

Қазақстан халық партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Медеуде бірнеше буынның басын қосып, денсаулық шарасын өткізді. Жастар, орта буын өкілдері, зейнеткерлер таза ауада флеш-моб билеп, денсаулық баспалдағымен тауға көтерілді. Шараның мақсаты тұрғындарды белсенді өмір салтына тарту, таза ауада уақыт өткізу және денсаулықты нығайтуға көңіл бөлу, дейді ұйымдастырушылар. Қазақстан халық партиясының өкілдері мұндай кездесулер тұрғындармен тікелей байланыс орнатуға және қоғамдағы әр буынның пікірін тыңдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Эльмира Әуезова, ҚХП белсенді мүшесі:

- Үгіт-насихат жұмыстары шеңберінде Медеуде денсаулық баспалдағына орта буын, жас буынды және қала тұрғындарын, зейнеткерлерді шақырдық. Денсаулықты нығайту үшін таза ауа, табиғатымызға келіп, демалып, денсаулғымызды жақсартуға уақыт бөлгенімізге өте қуанышымыз.

ЖСДП жастар және инклюзия мәселесін талқылады

Павлодарда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының белсенділері мен Құрылтай депутаттығына кандидат жастармен кездесті. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен жиында жастардың өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуде сапалы білім, тұрақты жұмыс және баспанамен қамту мәселелері көтерілді. Сондай-ақ жас отбасылар арасындағы ажырасу көрсеткішінің өсуі талқыланып, жастарды қолдау тетіктерін жетілдіру қажеттігі айтылды.

Ал Астанада партия мүшелері «Kazakhstan Inclusive Forum 2026» атты ашық отбасылық форум өткізді. Іс-шара мүмкіндігі шектеулі жандарды, аутизмі және басқа да дамуында ерекшеліктері бар адамдарды қолдауға арналды.

Нүрия Балтабайқызы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан құрылтай депутаттығына кандидат:

- Қолдау, түсіністік және Үкіметтен тең мүмкіндік қалаймыз. Біздің балалар да жақсы дамыса екен, ертең өздерінің мақсаттарына жете берсе екен. Бір мүмкіндік болып, қоғамға бейімделсе екен. Ол біздің ата-ана ретінде арманымыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz