RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: Бір палаталы Парламент елдің мемлекеттік құрылымына сай келеді

09.08.2026, 13:00 35

Бір палаталы Парламенттің жасақталуы Қазақстанның жаңарған саяси жүйесінің маңызды бөлігіне айналады.

Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдвардс Стипрайс осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, бір палаталы жүйеге көшу еліміздің мемлекеттік құрылымына сай келеді. Әлемдік тәжірибеде екі палаталы Парламент көбіне тарихи ерекшеліктерге немесе елдің федеративтік құрылымына байланысты қалыптасқан. Мәселен, Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасы мен Қауымдар палатасынан тұрады. Ал Германияда Бундестаг пен Бундесраттан құралған қос палаталы жүйе бар. Мұнда Бундесрат елдің федералдық жерлерінің мүддесін қорғайды. Қазақстан - унитарлы мемлекет. Сарапшы осы ерекшелікке назар аударып отыр.

Эдуардс Стипрайс, Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі:

- Қазақстан - унитарлы мемлекет. Сондықтан меніңше, жоғарғы палатаға саяси тұрғыда айтарлықтай қажеттілік болмады. Жүйенің ықшамдалуы оң нәтиже береді дер едім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz