RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында 520 сайлау учаскесі дайындалды

10.08.2026, 21:30 33

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауында тұрғындар 520 сайлау учаскесінде дауыс береді. Бүгінде олардың барлығында дауыс беруге арналған кабиналар орнатылып, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы жағдай жасаған. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман саяси науқан қарсаңындағы қызу дайындықтың барысымен танысты.

Орталық сайлау комиссиясының өкілдері алдымен колледж студенттерімен кездесті. Жиында жастарға Құрылтай сайлауына қатысу тәртібі түсіндірді. Сондай-ақ биылғы өзгерістер айтылып, сайлаушыға үйден шықпай-ақ өз учаскесін анықтау жолы көрсетілді.

Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Көптеген жаңа технологияны қолданып жатырмыз. Мысалға, әрбір сайлаушы өз учаскесін егов порталы арқылы біле алады. Немесе егов мобайл арқылы білуге болады. Соған қоса біздің ең ірі банктердің қосымшаларында барлық ақпаратты беріп жатырмыз.

Сайлау учаскелерінде бір үлгідегі дауыс беру кабиналары орнатылып, бейнебақылау жүйесі мен интернет желісі қосылған. Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруі үшін пандус, брайль қаріпімен жасалған трафарет, кең кабина мен арнайы бұрыш жасалған. Онда есту қабілеті бұзылған адамдарға 64 сурдоаудармашы апарат береді. Сайлау күні инвотакси тегін қызмет көрсетеді.

Ербол Бегімов, қала тұрғыны:

- Көз көру қабілеті бұзылған адамдарға арнайы трофорет. Сол жағында нүктелі бедерлі қаріпімен партияның тізімі жасалған. Жазулары үлкейтіп көрсетіледі. Соны қолдануға болады. Енді мүмкіндіктер ыңғайлы, ұнайды.

Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауында облыста 730 мыңнан астам тұрғын өз таңдауын жасамақ. Олар 520 сайлау учаскесінде дауыс береді. Жалпы сайлау науқанына өңірде 532 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Комиссиялар құрамында 3702 мүше бар.

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz