Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айнала бастады. Бұл тақырып бірқатар әлемдік ірі басылымдардың материалына арқау болды.
Time Business News және MSN ақпарат жаршысының авторлары Қазақстан Еуразия көлік картасындағы рөлін күшейтіп жатқанын атап көрсетті. Бұл бағытта күре жолдар, теміржол желілері, порттар мен әуежай инфрақұрылымына ауқымды инвестициялар тартылып жатыр. Time Business News басылымы «Бейнеу-Сексеуіл» магистралінің Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын» көпір ретіндегі рөліне тоқталды. Құрылысы биыл тамыз айында басталған автомагистраль пайдалануға берілгеннен кейін Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау қашықтығын 1 мың шақырымға, ал жеткізу мерзімін үш күнге дейін қысқартады. Басылым авторы ірі жоба - Қазақстанның көлік саласын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудың жаңа кезеңі деп атап өткен.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #сарапшы #құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz