RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: Құрылтай қоғам мен билік байланысын нығайтады

11.08.2026, 13:55 31

Құрылтай сайлауы түрік сарапшыларының жіті назарында. Түркияның Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасының бас кеңесшісі, түрколог-профессор Рухи Ерсой Қазақстанның екі палаталы Парламенттен бір палаталы Құрылтай жүйесіне өтуін саяси жаңғырудың маңызды қадамы деп бағалайды. 

Сарапшының пікірінше, бұл жүйе заң қабылдау процесінің тиімділігін арттырып, бюрократиялық рәсімді азайтуы мүмкін. Түркия да 1982 жылы бір палаталы жүйеге көшкен. Сондықтан сарапшы: «Қазақстанның Құрылтайға өтуі елдегі саяси үдерістерді жеделдетіп, демократиялық дамуға жаңа серпін береді», - деп санайды.

Сондай-ақ халықтың мемлекеттік басқаруға тікелей қатысуын күшейтіп, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға жол ашады деген пікірде.

Рухи Ерсой, Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасының бас кеңесшісі, түрколог:

- Халықтың өз өкілдерін тікелей сайлап, сол арқылы мемлекеттік саясатқа ықпал етуі қоғамның таңдауын билікке жеткізудің маңызды жолы. Ал сайлаудың ашық әрі әділ өтуі, дауыстарды ашық санау және барлық саяси партияларға үгіт-насихат жүргізуге мүмкіндік беру демократиялық үдерістерді нығайта түседі. Мұндай өзгерістер халықтың демократиялық институттарға деген сенімін арттырып, қоғамның саяси белсенділігін күшейтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz