RU
Толық нұсқаға өту

Мүгедек жандардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету талқыланды

11.08.2026, 21:12 44

Орталық сайлау комиссиясының отырысында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі қаралды. 

Кеңесте тағдырлы тұлғалардың таңдау жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету жайы қаралды. Онда пандустардың, тұтқалардың, көмек шақыру батырмаларының, арнайы автотұрақ орындарының, қолжетімді навигацияның, тактильді және бедерлі көрсеткіштердің бар-жоғына назар аударылды. Бұдан бөлек, саяси науқанның дайындығы пысықталып, сайлау учаскелерінің әзірлігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды. Жұмыс тобының мүшелері дауыс беру бөлімшелерінің және сайлау туралы ақпараттың қолжетімділігін тексерді. Жиын соңында мониторинг барысында анықталған олқылықтардың орнын толтыру тапсырылды.

Кенжеғұл Сейтжан, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл:

- 30 мыңға жуық  ұмытпасам осы көз жанарынан мүгедектігі бар азаматтар дауыс береді. Осы азаматтарға 10 мыңнан аса жанағы  даус беретін учаскелерде осы трафареттер жеткізіледі, міндетті түрде. Басқа да мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қолымыздан келгенше айттық, ұсыныстар бердік.

Руслан Кеңесбаев, "Азат" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы:

- Мониторинг құрамында 11 адам болды. Бұл ведомствоаралық үйлесімді жұмыс істеген топ болды. Оның құрамында Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының, әкімдіктердің, әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар бар. Біз нысандарды кешенді түрде тексердік. Автотұрақ орындарынан бастап кіреберіс, ғимарат ішіндегі навигацияға және мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы «бұрыштардың» жабдықталуын қадағаладық. Мониторинг қорытындысы бойынша нысандардың басым бөлігі базалық талаптарға сай әрі дайындық деңгейі жоғары екенін атап өту керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz