Қазақстан жаңа саяси кезеңге қадам басты.
Соның аясында конституциялық өзгерістер нормативтік кезеңнен практикалық іске асыру кезеңіне өтіп жатыр. Орталық Азия және халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы, Мадридтегі CEU San Pablo Университетінің саясаттану профессоры Антонио Алонсо Маркос осылай деді. Сарапшы бір палаталы Құрылтайдың құрылуы және пропорционалды сайлау моделінің қолданылуы саяси жүйені түсінікті етіп, партиялардың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді, деп есептейді.
Антонио Алонсо Маркос, CEU San Pablo Университетінің профессоры, сарапшы:
- Қазақстанның жаңа саяси жүйесі парламенттік бақылауды, заң шығару ісінің ашықтығын және құқықтық үстемдікті нығайтуы тиіс. Халықаралық қауымдастық үшін Конституцияда бекітілген ережелер ғана емес, олардың практикада жүйелі түрде іске асуы маңызды. Жалпы болып жатқан өзгерістерді Қазақстанның одан әрі институционалдық жаңғыру мүмкіндігі деп қарастыруға болады.
Тегтер #Қазақстан #құрылтай 2026 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz