Батысқазақстандық 450 мың 544 азаматтың Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс беруге құқы бар.
Оның 4483-і алғаш рет дауыс беретін, 18-ге жаңа толған жас сайлаушылар. Өңірдегі 488 сайлау учаскесі толық жабдықталды.
Тағдырдың жазуы шығар, Гүлмира Батпақұлова 17 жасында жол апатына үшырап, екі аяғынан айрылыпты. Қоларбаға таңылса да, қайсар қыз келешекке сенімін жоғалтпады. Ол «Арба» бірлестігін құрып, мүгедек жандарға қолдау көрсетуде. Бүгінде облыстық мәслихат депутаты. Алдағы сайлауға міндетті түрде қатысам. Өйткені әр дауыс маңызды, - дейді ол.
Гүлмира Батпақұлова, қоғамдық бірлестік жетекшісі:
- Өте маңызды шара. Ел үшін, халық үшін, мемлекет үшін, өзіміз үшін. Сондықтан әр адамның, әр азаматтың борышы. Барып, қалаған партияға дауыс беруге шақырамын.
Армян этномәдени бірлестігінің жетекшісі Аветик Амирханян да алдағы сайлаудың маңызы жөнінде осындай пікірде. 23 тамыз күні өтетін саяси додаға Орал өңіріндегі армян диаспорасы бір кісідей қатысады, - дейді ол.
Аветик Амирханян, «Масис» этномәдени бірлестігінің жетекшісі:
- Мен Қазақстан азаматы, елдің патриоты ретінде Құрылтай сайлауына қатысып дауыс беремін. Өйткені ол азаматтық борышым. Елдің жарқын болашағы өз қолымызда. Әркімнің даусы маңызды.
Алдағы сайлауда Орал өңірінде 450 мың 544 азамат өз қалауын білдіруге құқылы. Оның 4483-і 18-ге енді толған жас сайлаушылар. Педагогикалық колледж студенті Назар Иманқұл биыл алғаш рет дауыс бермек.
Назар Иманқұл, студент:
- 23 тамыз күні азаматтық позияциямды ұстана отырып, Құрылтай сайлауында дауыс беруге барамын. Бұл менің азаматтық борышым деп есептеймін. Кәмелетке толған барлық азамат-азаматша дауыс беруге міндетті. Себебі жастардың даусы көп маңызды ғой, болашақ жастардың қолында.
Әділ Жоламанов, БҚО Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- 30 пайызы немесе 138 024-і жас сайлаушылар. 18 бен 35 жас арасында. Соның ішінде 4483 жас сайлаушы алғаш рет дауыс береді деп отырмыз. Қазіргі уақытта аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған жас сайлаушылар клубы да жастардың арасында сайлаудың маңызы жөнінде тереңірек, кеңірек насихаттап, олардың сайлауға қатысу жөнінде, сайлауға қатыстыру жөнінде жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.
Өңірдегі Құрылтай сайлауының барысын аккредитациядан өткен 22 қоғамдық бірлестік өкілдері бақыламақ.
Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құрылтай 2026 #сайлау #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz