RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде сайлауға қатысты семинар өтті

13.08.2026, 20:21 31

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған учаскелердің дайындығымен танысты.

Өскемен қаласында мемлекеттік органдардың өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері мен байқаушылардың қатысуымен семинар өтті. Жиында сайлауды өткізудің құқықтық аспектілері, сайлаушылар тізімдерін нақтылау және салыстырып тексеру мәселелері талқыланды. Қазіргі таңда өңірде 475 480 сайлаушы тіркелген. Олар үшін 23 тамызда 534 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Барлық учаске үздіксіз интернет байланысымен қамтамасыз етіледі. Сайлаушыларды ақпараттандыру мақсатында қалалар мен аудандарда колл-орталықтар мен Telegram-боттар іске қосылады. Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау үшін 140-тан астам сайлау учаскесі сурдоаударма жүйелерімен жабдықталады. Ал сайлау күні азаматтарды тасымалдау үшін түрлі бағыттарға 30-дан астам инватакси шығарылады.

Михаил Бортник, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Сайлау комиссиялары мүшелерін даярлау мен оқытуға, заңнаманы білуіне және сайлау күні заң талаптарын дұрыс қолдануына ерекше мән беріп отырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Өйткені сайлаушылар да, байқаушылар да комиссия мүшелерінің қаншалықты дайын екеніне назар аударады. Сайлау комиссиялары мүшелерінің дайындығына қарап, жалпы дайындық жұмыстарының қалай жүргізілгеніне баға беруге болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz