RU
Толық нұсқаға өту

Алдағы Құрылтай сайлауы халықаралық сарапшылардың назарында

14.08.2026, 10:30 45

Олар бұл науқанды елдегі саяси және институционалдық өзгерістердің маңызды кезеңі деп бағалайды. Бір палаталы Құрылтайға көшу - мемлекеттік құрылымдағы елеулі қадам. "Алдағы сайлау конституциялық реформаларды саяси үдеріске енгізіп, азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді", - дейді балқандық маман.  

Иван Иванов, Халықаралық Балқан университетінің доценті, Өркениет альянсы халықаралық орталығының атқарушы кеңесінің төрағасы:

- Қазақстан өркениеттер, мәдениеттер мен ірі геосаяси кеңістіктер тоғысқан ел. Елдің көптүрлілігі мен түрлі дәстүрлер арасындағы байланысты сақтай білуі - заманауи әрі біртұтас қоғам қалыптастырудағы маңызды артықшылық. Тұрақты жаңғыру тиімді институттармен қатар ашық диалог пен өзара сыйластыққа негізделгенде ғана нәтижелі болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz